Атырау облысы, Мақат ауданының “Үміт” жатақханасында орналасқан №236 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны қарқынды жалғасуда.
Аталған учаскеге теміржол саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан теміржолшылар әулеті келіп, өз таңдауларын жасады.
Атадан балаға мирас болып жалғасқан бұл әулеттің теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 600 жылға жуықтайды.
Әулет өкілі, теміржолшы Жалғас Мырзағалиев референдумға ұлдары мен немерелерімен бірге келіп, азаматтық борыштарын орындағандарын айтты.
“Бұл рефендумға отбасымызбен келіп, дауысымызды бердік. Еліміздің болашағына аз да болса үлес қосқанымызға қуаныштымыз”, — деді ол.
Теміржолшылар әулетінің бұл қадамы — ұрпақтар сабақтастығы мен ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.