Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша аэровизуалды тексеруден кейін қабылданған шаралардың арқасында жану аумағы 40 гектарға азайғаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы ТЖД-нің Қоғаммен байланыс тобының брген мәлімеетін сәйкес, тұтанудың жалпы алаңын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері анықтайды.
Өрт ошақтарын сөндіру МИ-8 тікұшағымен жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта көлемі 60 тоннаға жуық су өртке оранған қамысқа төгілді.
Батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып отыр.
Осыған дейін таңертең Қызылорда облысынан тікұшақ көмекке келгенін хабарлаған едік. Тілсіз жау әуеден сөндіріліп жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА