Бұл туралы AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізде болса, Атырау қаласындағы Сырым Датов көшесі қайта жаңғырту мақсатында шілде айында жабылған еді. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды.
Бұл жолдың Баймұханов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы 1 тамызда ашылады. Қазіргі уақытта 1,85 шақырымы аяқталды.
Ал күні бүгінге дейін Қабанбай батыр көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықтағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Мира НҰРТАЕВА