Сайлауға асыққан ауыл тұрғындарының жүздерінен мерекелік көңіл-күй сезіледі.
Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округі аумағындағы Талғайраң негізгі мектебінің ғимаратында орналасқан №77 сайлау учаскесінде кезектен тыс сайлау өз уақытында басталды. Бюллетеньдер саналып, жәшіктер пломбаланған.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әліпқали Сәрсенғалиев барлығы 2685 сайлаушы тіркелгенін айтты. Сайлауға ертемен келіп, дауыс берген зейнеткер Сатымғұл Досжанов болды.
– Сайлаудың барысын 4 байқаушы қадағалап отыр. Учаскеге тіркелген Қарабатан зауыты жұмысшыларының дауыс беруіне мүмкіндік жасалған. Сайлаушылар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып келулері қажет. Өздеріңіз байқағандай, учаскеде сайлау тұрғындардың белсенді қатысуымен өтуде, - деді комиссиясының төрағасы Әліпқали Үмбетұлы.
Алмас ҚАБДОЛОВ