Талғайраң-2 ауылындағы үйлердің шатыры кәсіпкерлердің көмегімен жөнделеді

Талғайраң-2 ауылындағы үш үйдің шатыры жуық арада қалыпқа келтірілетін болады, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 шілде күні Талғайраң-2 ауылында қатты желдің салдарынан үш тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр энергиясынан ажыратылған еді.
Қала әкімі Ш.Кейкін 16 шілде күні табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен үй тұрғындарымен кездесіп, комиссия тобы құрылып, мердігер мекеменің кепілдік уақыты аяқталуына байланысты демеушілік көмегімен тұрғын үйлерді қалыпқа келтіретіні жөнінде тұрғындарға уәде берген болатын.
Бір аптадан соң қала басшысы Талғайраң-2 ауылына барып, тұрғын үйлердің жай-күйін тексерді.
Қала әкімі шатырлары ұшқан үйлерді қалпына келтірумен демеушілер айналысып, жуық арада жөнделетінін атап өтті.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА