Түрғын үй құрылысы үшін берілетін жерге газ тартылып, су құбыры жүргізілуде

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылындағы жер учаскелеріне 12 км қашықтықты қамтитын газ және ауыз су құбыры тартылып жатыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл аумаққа 300-ге жуық үй мен 20 кәсіпкерлік нысан салынады деген жоспар бар. 

- Жоба бойынша “Сұңқар құрылыс” ЖШС мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын шілде айында бастады. Қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Жыл соңына дейін жер телімдеріне газ және ауыз су толық жетеді,-деді аудандық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қазбек Саматұлы.


Оның айтуынша, мұндай жұмыс Жаңа Қаратон кентінде де жүргізіліп жатыр.

Сурет AtyrauPress