Төленбеген 25 айыппұлы бар атыраулық анықталды
- Facebook Video URL:
Төленбеген 25 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
8 қыркүйек күні сағат 17:30 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Сергек бейнекамерасы арқылы маркасы Hyundai автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызыметкерлеріне бағыттама берген. Полицейлер автокөлікті Амандосов көшесі бойында тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің 500250 теңге 25 айыппұлы бар екені анықталды. 1967 ж.т жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.