Су соруға 40 техника жұмылдырылды

Атырау қаласында жиналған жаңбыр суларын тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазіргі уақытта 40 арнайы техника орталық көшелердегі жаңбыр суы жиналған аумақтар мен арықтарды тазартуда. Жауын-шашын көлеміне қарай техникалар саны ұлғайтылатын болады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында тазарту жұмыстары уақытылы және тиімді жүзеге асырылып жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Нет описания фото.