Атырау тәртіп сақшылары түнгі көбелектердің шоғырланған орнын анықтады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Жезөкшелер қаладағы Стройконтора және Восток шағынаудандарындағы тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Бұл Республика көлемінде өткізіліп жатырған «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жүзеге асты.
Іс-шара барысында интим массажымен айналысатын екі қызметкер анықталып, 15 жеңіл жүрісті азаматшалар есепке қойылды.
Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабына сәйкес іс-құжаттар жинақталып жатыр.