Атырау қаласында ҚР Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің, "Respublica" партиясы Орталық аппаратының басшысы Бақытбек Хамиттің, партияның облыстық филиалы төрағасы Ғалымжан Өтебаевтың сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Ойынқұмарлық – қоғам дерті» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.
"Дөңгелек үстел" барысында депутат букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарды қылмыс тудыратын елдегі ең күрделі мәселелердің бірі деп атады. Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы 157-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Олардың 20% немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған.
«2022 жылғы статистикаға сәйкес, 3676 суицид фактісі жасалған. Олардың әрбір бесіншісін құмар ойындарға әуес адам жасайды», - деп атап өтті Берденов.
Сондай-ақ, соңғы үш жылда біздің азаматтар құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес.
Талқылау барысында басқа елдердің мысалдар келтірілді. Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне тыйым салынады. Ал Оңтүстік Корея мен ҚХР-да құмар ойындарға ресми түрде тыйым салынады. Онлайн-казино ойыншылары сотталады. Сонымен қатар, құмар ойындарға қатысты барлық интернет сайттар қатаң цензураға ұшырап, бұғатталады.