Синоптиктер Атырауда күн қатты ысиды деп болжап отыр

Синоптиктер 14 шілдеге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республиканың оңтүстігінде – шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста – бұршақ жауады, түнде солтүстікте – тұман. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, Қостанай қаласының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Ұлытау, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, батысында аптап ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстаудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +29...+31°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +29...+31°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +35...+37°С болады.