«Қазгидромет» 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты аптап ыстық сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде өте ыстық болады деп болжанып отыр. Сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Атыраудың оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, оңтүстікте, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, батыста, Алматының орталығында, оңтүстікте, Батыс Қазақстанның шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында Ақмола, Қостанай облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ауа райы болжамына сәйкес, 8 шілдеде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Жел екпіні күшейеді деп болжанды. Ал елдің батысында солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА