Исатай ауданындағы «Исатай батыр» шекара заставасының әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ел шекарасын күзетіп жүрген әскери қызметшілер азаматтық борыштарын да қатар атқарып, маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Олар дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.
Дауыс бергендердің қатарында жас сайлаушы Жұмағалиев Диас та бар. Жас буын өкілдерінің референдумға белсенді қатысуы олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Айта кетейік, референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды саяси науқан.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.