Шабақтардың қырылуына қатысты Қызылқоға әкімдігі түсініктеме берді

Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы маңында шабақтардың қырылуына қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"2 қыркүйек күні Тасшағыл ауылдық округінің аумағынан көктемгі су тасқынынан бөлінген суда қалған балық шабақтарын арнайы құралдар арқылы өзен суына жіберу шаралары ұйымдастырылды. Қазір аталған шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, Индер балық инспекция бөлімі және жергілікті ауыл белсенділері қатысуда. Жалпы, Қызылқоға ауданында балық инспекциясы бөлімі жоқ. Сондықтан, барлық осы бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдар мен белсенді азаматтар арқылы ұйымдастырылуда" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ