Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің «Борт №1» Telegram-каналы хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарашаның 26 күні өткен инаугурациясынан соң кадрлар тағайындай бастады.

Осы ретте бүгін,  1 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.