26 «Сәуір», 2022 598

Серік Шәпкенов құрылысы аяқталмаған каналды сынға алды

 Серік Шәпкенов құрылысы аяқталмаған каналды сынға алды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындар мен белсенділер жиі көтеріп жүрген мәселеге қатысты жазба қалдырды.

Оның сөзінше, ұзындығы 15 шақырымға созылатын канал 2000 жылдардың басында салына бастаған. Алайда оның құрылысы әлі аяқталмады. Бұл канал топырақ астындағы суды құрғатып,  жерасты су деңгейін төмендетіп, жауын-шашын кезінде қаланы су баспас үшін жоспарланған.

Өңір басшысы каналға қатысты шешім қабылдамас бұрын, тұрғындар ұсыныс білдіре алатынын жазды. Ұсыныстарды  akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштаға жолдауға болады.

Еске салайық, бұған дейін мәселені жан-жақты талқылаған қала тұрғындары каналды құрғатып, оның орнына жаяу жүргіншілер мен велосипед жолақтары бар демалыс аймағын құру қажеттігін айтқан болатын.