14 «мамыр», 2022 2522

Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

 Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.  Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтар  баспана мәселесі, мүгедектікке байланысты жәрдемақы тағайындау, оңалту орталықтарына бару үшін  квота бөлу, қоғамдық көліктерде еркін жүруге қолайлы жағдай жасау, қажетті дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алу сияқты түйткілдерді қозғады.

 -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау», деп атап көрсетті. Елімізде әлеуметтік саладағы басым бағыттардың бірі — мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін заң аясында шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту. Оларға қолайлы орта қалыптастыру, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

 Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде мүгедектігі бар жандардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасау жайы да айтылды.