Құрманғазы ауданында «Сазды» шекара бөлімшесінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті «Сазды» шекара бөлімшесінің жаңа ғимараты табыс етілді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі С.Шапкенов қатысып, Қазақстанның Ресей елімен шектесетін шекара бөлімшесін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Атырау облысы әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қазіргі заманға сай стандарттар мен талаптарға сай бой көтерген нысан барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ