08 Қаңтар, 2023 757

Сәтпаев көшесінде жол апаты болды...

 Сәтпаев көшесінде жол апаты болды...

Атырау қаласының қақ ортасында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласының орталығында, дәлірек айтқанда, орталық Сәтпаев және Ерниязов көшелері маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Куәгерлердің айтуынша, бұған бағдаршамның дұрыс жұмыс жасамауы себеп болған. Әзірге нақты ақпарат белгісіз.

Қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, 9 қаңтар күні Сәтпаев көшесі бойында маркасы Toyota Prado автокөлігі Kia Rio көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс екпінімен Kia Rio көлігі бағдаршамның қызыл түсінде тұрған Hyundai Accent автокөлігіне келіп соққан. Жол-көлік оқиғасы кезінде түрлі жарақат алған Kia Rio автокөлігінің үш жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.Қазір аталған факті бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталуда.