Сарытоғайда жол құрылысы аяқталды

Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылы 100 пайыз ауылішілік автомобиль жолдарымен қамтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Автомобиль жолдарына қоса 2,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 2,3 шақырым көше жарығы да тартылды. Сарытоғай ауылында енді асфалтталмаған автомобиль жолы қалмады. Енді тек кейбір көшелердің жаяу жүргіншілер жолын жасау ғана қалды,- деді аудандық Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев.
Оның айтуынша, Сарытоғайдағы И.Тайманов, Ә.Молдағұлова, М.Маметова көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба жасақталуда. Аталған жұмыстар келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.