Сақ болған жөн: Атырауда күн қатты ысиды

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы сақтық шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды ATPress. kz.

30 тамызда күндіз Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында сынап бағанасы 30 тамызда күндіз 37 градус ыстықты көрсетеді.

Осы ретте, балалар мен егде адамдардың және қан қысымы бар тұрғындардың үйден шықпағаны дұрыс.