Сағыздан үй салуға жер беріледі...

Бұл туралы хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындардың басты мәселесінің бірі - тұрғын үй салуға жер алу. Бұл бағытта ауданда ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соның бір айғағы – Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталып отыр.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, бүгінде Сағыз ауылдық округінің әкімі тарапынан кезектілік бойынша құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде. 225 жер телімі газ, су, электр желілерімен толық қамтылған. Ал аталған жер телімдерін осы жылдың ақпан айында беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Сағыз ауылында 7 мыңнан астам тұрғын болса, бүгінде 810 азамат жер кезегінде тұр.