Сағыз ауылында қауіпсіздік іс-шаралары жалғасуда

“Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясы ішімен өтетін Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылындағы үйлерді су басуға қауіпі туындады”’,- деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі. Сондықтан қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің адамдарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде.  Атап айтқанда, оларға жағдай  түсіндіріліп колледж бен мектепке эвакуациялау жасалуда.  Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер бар, өзге де мекеме қызметкерлері бар барлығы екі жүздей адам мен ондаған техника жұмылдырылған. Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда. Сағыз ауылындағы ахуал тұрақты бақылауда.