Республика күніне орай Атырауда "бос орындар" жәрмеңкесі өтті

Жалпықалалық жәрмеңкеге 44 ірі кәсіпорын қатысты. Олардың арасында мемлекеттік мекемелер мен Полиция Департементі де бар.


-Бүгінгі жәрмеңкеге «Tenaz Management», «Сичим С.п.А Казахстан», "Денхолм-Жолдас", «АНПЗ», «Велесстрой», «ЮСС Суппорт Сервисез», "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI)", «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан», «FSSA», "Бекболатовтар Құрылыс компаниясы", "Батыс Альянс Строй" және тағы басқа да өңірдегі құрылыс компаниялары мен кәсіпорындар қатысып, 1000-нан аса бос вакансия ұсынды. Олардың 500-ден астамы жұмысшы мамандықтары болса, 400-ге жуығы инженерлік позициядағы ваканттық орындар. Жәрмеңкеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді, деді Е.Әбілқасымов.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері осындай 36 жәрмеңке ұйымдастырылып, 700-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданғандар басқарма бақылауында болады.