Басты мақсат - ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мұнда ағаштан жасалған бұйымдар, тоқымадан өрілген заттар, сондай-ақ түрлі қазақы нақыштағы қолөнер туындылары қойылған. Дауыс беруге келген азаматтар ұлттық мәдениеттің озық үлгілерімен танысып, ерекше әсер алды.
№8 референдум учаскесінде 1060 адам тіркелген. Оның 618-і дауыс берді. Ал үй жағдайына дауыс беруге 11 тұрғын өтініш білдірген.