05 Маусым, 2022 457

Референдум: Атырауда ерекше адамдар белсенділік көрсетуде

 Референдум: Атырауда ерекше адамдар  белсенділік көрсетуде

Атырау қаласындағы №7 референдум учаскесінде 2614 тұрғын дауыс беру үшін тіркелген.

 Оның ішінде 12 адам мүмкіндігі шектеулі жандар, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.-

- Бүгін түске дейінгі уақытта ерекше жандардан 5 өтініш келіп түсті. Біздің учаскелік комиссия құрамы сол тұрғындардың үйлеріне барып, өз таңдауларын жасауға көмектесудеміз. Қуантатыны, саяси науқан кезінде ерекше жандар ерекше белсенділік көрсетуде, деді №7 референдум учаскесінің комиссия төрайымы Айнагүл Ахметова.А

Айта кетейік, өңірдегі 255 референдум учаскесінде пандус орнатылған. Бұл учаскелердің бәрі тактильдік белгілермен, көзі нашар көретін адамдар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтылған.

Аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, Атырау қаласы мен аудандар орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 39 инватаксимен қамтылған. Және, құлағы естімейтін адамдар үшін 12 сурдоаудармашы қызмет етеді.