Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында орналасқан №278 учаскеде өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таңдауын жасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Біз бейбіт, рухани қуатты, бәсекеге қабілетті елді құру үстіндегі маңызды іс-шараға белсене қатысуымыз керек. Әр адамның азаматтық позициясы айқындалатын күнның өтуі маңызды деп білемін. Мемлекеттің азаматы ретінде дауыс беру борышымыз, - деді А. Ұтысханұлы.
№278 сайлау учаскесіне 1340 адам тіркелген. Мұнда бес комиссия мүшесі, сайлау төрағасы мен хатшысы қызмет етіп, процессті төрт бақылаушы қадағалауда.