12 «Сәуір», 2022 532

Рамазан күнделігі: Атырауда “Иманғали” мешітінде зағип жандарға көмек көрсетілді

 Рамазан күнделігі: Атырауда “Иманғали” мешітінде зағип жандарға көмек көрсетілді

Атырауда орталық “Иманғали” мешітінде Рамазан айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті. Іс шара аясында зағип жандарды біріктірген “Сенім шыңы” қоғамдық бірлестігі мүшелеріне 50 азық-түлік себеті табыс етілді. Азық-түлік себеттерін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы табыстап, жабырқаулы жандарды қиындыққа мойымауға, жақсылықтан күдер үзбеуге шақырды. “Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Сіздерді сабырлы болуға шақырамын. Біздің мақсатымыз – Рамазан айында ғана емес, әркез сіздерге мейірімді, жылулықты сезіндіру” деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.