Қызылқоғаға су қашан жүргізілмек?

Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі.
- Аталған жобаларды 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Жұмыстар атқарылғаннан кейін аудан халқы 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін магистралды су құбырының құрылысына жоба дайындалып, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады,- деді Қ.Әзмұханов.
Айта кетейік, аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 17-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бұл тұрғындардың 97,3 пайызын құрап отыр.