Қызылқоғадағы жол құрылысы қашан аяқталмақ?

Қызылқоғада 45 шақырымды құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Бүгінде Миялы ауылындағы 11 шақырым жол құрылысының жоспарға сәйкес негізгі астыңғы жабындысы және 4,1 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Жол құрылысы келесі жылы аяқталады. Сағыз ауылында 21,8 шақырымды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл жоба бойынша 6,8 шақырым жол пайдалануға берілді. Ал қалған 15 шақырымы 2023 жылы аяқталады. Мұқырда 2018 жылы басталған 4,7 шақырым жол құрылыс жұмыстары материалдың қымбаттауына байланысты тоқтап қалған болатын. Бүгінде жол құрылысының жобасы қайта жасақталып, келесі жылы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Сонымен қатар Кенбай елді мекенінде 1,5 шақырым жол құрылысы басталды, - деді Қ.Әзмұханов.