Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлайды.
Төртінші тәулік бойы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округінің Қаракөл ауылында (Қызылқоға ауданы ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінен 90 км қашықтықта) 2022 жылдың 20 қарашасында сағат 05:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 1998 ж. т. азамат Т-ны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.