19 Қараша, 2022 139

Қызылқоға ауданында жаңа спорт алаңы ашылды

 Қызылқоға ауданында жаңа спорт алаңы ашылды

Миялы ауылында жаңа спорт алаңы салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып, жалпы көлемі 2400 шаршы метрді құрайтын спорт алаңында шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдарымен бірге түрлі жаттығу құрылғылары орнатылған. Жалпы құны 48 миллион 63 мың теңге.

  Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, ауданның Құрметті азаматы Мәлік Сүлейменов, аудандық аналар кеңесінің және «Аналар үні» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, медицина саласының ардагері Ұлдаш Құлшықовалар сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді. Шара соңында спорт алаңының лентасын аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев пен Миялы ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұханбетов қиды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ