01 Ақпан, 2023 106

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

 Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары лауазымына Иғали Ерболат Айдынғалиұлы тағайындалды , деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Иғали Ерболат Айдынғалиұлы 1980 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономика мамандығы бойынша, 2019 жылы С.Байшев атындағы Ақтөбе университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

 Еңбек жолын 2002 жылы аудандық «Қызылқоға» газетінде тілші болып бастаған.

 2003-2005 жылдары аудандық «Қызылқоға» газетінде І санатты маман;

2005-2010 жылдары Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман;

 2011-2017 жылдары Ойыл ауылдық округінің әкімі;

2017-2018 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

 2018-2019 жылдары Миялы ауылдық округінің әкімі;

2019-2021 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

 2021 жылдың наурыз айынан күні бүгінге дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.