Құтқарушылар діни мерекесі қарсаңында арнайы мұз ойықтарын тексеруде

«Крещение Господне» діни мейрамына дайындалу басталып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, арнайы мұз ойықтары қоршаулармен қоршалып, сатылармен жабдықталды.

 "2023 жылғы 18 қаңтарда Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері Жайық өзеніндегі шомылу орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, су астын тексеріп шықты. Құтқарушылар облыс бойынша Махамбет, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарындағы мұз ойықтарының да түбін тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

  Бүгінгі күні мұздың қалыңдығы 25-27 сантиметрді құрайды. Қасиетті суға шомылғысы келетін тұрғындар сақтық шараларын қатаң ұстауы қажет! Ішімдік ішіп түсуге тыйым салынады! Сондай-ақ, ағзаның суып кетпеуін (переохлаждение) болдырмау үшін суық суда 1 минуттан артық болмаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы бойынша арнайы 7 орын белгіленді:

Айтеке би көшесінде орналысқан «Орал» ресторанының тұсында;

Тұрғындар қалашығы маңында Мечников-Баймуханов көпірінің тұсында Құрманғазы ауданында;

Жылыой, Махамбет аудандарында.

Индер ауданында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын діни рәсімді арнайы жабдықталған мұз ойықтарында ғана өткізуге шақырады.