13 Маусым, 2022 852

ҚҰНАНБАЕВ КӨШЕСІ ЖӨНДЕЛЕДІ

 ҚҰНАНБАЕВ КӨШЕСІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Атырауда Құнанбаев көшесіне жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жолдың жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды. Бұл аумаққа ағымдағы жылы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жеңімпаз мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық электронды конкурс жарияланды.  Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде толықтай жолдың үстіңгі қабаттары алынып, жаңадан тас жол төселінеді.