23 «Желтоқсан», 2022 272

Құлсарыда «Бабаларға тағзым» монументі қалпына келтірілді

 Құлсарыда «Бабаларға тағзым» монументі қалпына келтірілді

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында орналасқан «Бабаларға тағзым» монументі қайта жөндеуден өтті.

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, монумент 7 жылға жуық жөндеуді қажет еткен. Атап айтқанда, оның  беткі жабындысы түсіп, ішіндегі темірі үңірейіп тұрған болатын.

Жылыой аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, коннструкция аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жөндеу жасалды.

 Аудан орталығында орналасқан «Бабаларға тағзым» монументін 2009 жылы «Тастүлек Бақай» қоры ауданға тарту еткен екен. Қазіргі уақытта бұл ескерткішті аудан әкімдігі өз меншігіне алу бойынша жұмыстар атқарып жатыр.