Құлсарыда 11 жасар жасөспірім автокөлікке қағылып мерт болды

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға қазан айының 20 сы күні таңғы сағат  07:45 шамасында болған.

Облыстық полиция департаменті:

"Қазан айының 20-сы күні сағат шамасында   Құлсары   Toyota Prado автокөлігінің 1949 жылы туған жүргізушісі 2011 жылы туған жасөспірімді​ қағып кеткен. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.