Құлсары және Жаңа Қаратон қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифтері 54,4%-ға төмендеді

Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 -2021 жылдар аралығында Құлсары қаласының тұрғындары үшін сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеген.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуінің нәтижесіндебелгілі болды. Осылайша, ол аса ірі көлемде ұрлық жасап, жалпы сомасы 126 миллион теңгеден астам залал келтірген. Тергеу барысында келтірілген залал толығымен мемлекетке қайтарылды.
Сондай-ақ, Құлсары және Жаңа Қаратон қалаларының тұрғындарын сумен жабдықтау қызметінің бекітілген тарифтері 54,4%-ға төмендетілді.
Кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына мемлекеттік мекемелерде басшылық қызмет етуге тыйым салынады.
Қылмыстық кодекстің 63-бабының талаптарына сәйкес жаза шартты деп саналады.