Қостанайға қолдау: Атырауда волонтерлік және гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар белгіліленді

Атырауда Қостанай халқына волонтерлік және гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Волонтерлік қолдау білдіремін деушілер Атырау қалалық жастар ресурстық орталығына, яғни, Нұрсая ықшамауданындағы 23 үй мекен-жайына немесе +7 (778) 512-35-53 байланыс телефонына хабарласуына болады.

  Ал, гуманитарлық көмек беру үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 79 А мекен-жайында орналасқан партияның облыстық филиалы ғимаратындағы ұйым жанынан құрылған Атырау облысы бойынша штабқа немесе 87011470094 байланыс телефонына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы» ҮЕҰ Атырау облыстық филиалының көмек көрсету ұйымының трансферттерін қабылдау Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекен-жайындағы Атырау Көрме орталығында (Салтанат Сарайының жанында) өтеді.

 Барлық сұрақтар бойынша 87077506545 телефонына хабарласуға болады.

Сурет - ашық дереккөзден.