"Қазгидромет": Атырауда аяз күшейеді

«Казгидромет» Атырау филиалының деректеріне сәйкес, 11 қаңтарда түнде Атырау облысы бойынша -30 градус қатты аяз болатынын хабарлады.

Осыған байланысты, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ескертті.

"Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Көшеде ұзақ уақыт болудан аулақ болыңыз, үсік шалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдаңыз, мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалаңыз, алыс жолға мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз, аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыздар, жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөмірі арқылы құтқару қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз" делінген ескерту хабарламада.