Қазақстанның мұнайлы астанасында Atyrau Oil&Gas көрмесі өтеді

6-8 сәуірде Атырауда «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі өтеді. Бұл Атырау облысындағы  дәстүрлі және көп күткен жаңалығы болатын. Ол жыл сайын сала көшбасшыларын, жетекші компанияларды біріктіреді, сонымен қатар кәсібін жаңадан бастағандар үшін тиімді бастамаға айналуда. Сонымен қатар, «Atyrau Oil&Gas» - өнімді салалық нетворкинг алаңы болып табылады және барлық нарық қатысушыларына көрмеге қатысушылардың өнімдерімен, қызметтерімен танысуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  көрмеде жетекші компаниялардың семинарлары өткізілуде. Осылайша, үш күн ішінде көрме қатысушылары мен қонақтары Теңізшевройл, NCOC, Каспий құбыр консорциумы-К, КМГ Инжиниринг, Rosen Europe, AYACOM, APEC Training Centre ЖШС семинарларына қатыса алады. Биылғы жылы Atyrau Oil&Gas көрмесінде Беларусь, Қазақстан, Нидерланды, АҚШ, Ресей және Туркиядан 60-тан астам компания қатысады. Атырау облысын 14 компания таныстырады, қазақстандық қатысушылардың жалпы саны - 45 кәсіпорын. Атырауда алғаш рет ұжымдық экспозицияны Башқұртстан Республикасы мен Ярославль облысы ұсынады. Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Kazenergy» қауымдастығының, «KazService» Одағының, Petrocouncil және Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтуде. Атырау мұнай-газдың ресми  серіктестері – Теңізшевройл, Каспий құбыр консорциумы-Қ және AYACOM. Шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы. Көрме Әбілқайыр хан даңғылы, 58-де орналасқан   Абай орталығында өтеді. Atyrau Oil & Gas көрмесінің негізгі іс-шаралары: 6 сәуір, 10.30 - ресми ашылу және VIP тур; 6 сәуір сағат 11.30 - "Атырау облысының мұнай-газ саласын дамыту" пленарлық отырысы,"Абай" орталығының бас конференц залы; 6-8 сәуір, 10.00 – 17.00-компаниялардың семинарлары.