Қазақстандықтар 2023 жылы қаңтарда қалай демалады?

Қазақстандықтар үшін 2023 жыл жексенбіде басталып, демалыс күндері 3 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы үш күн – 4, 5 және 6 қаңтар – жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.
Еске салайық, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов