16 Шілде, 2022 468

Қазақстандық қажылардың алғашқы легі елге оралды

 Қазақстандық қажылардың алғашқы легі елге оралды

Меккеде қажылық парызын өтеп, Мәдинада қасиетті орындарды зиярат еткен қажылардың алды елге орала бастады, деп хабарлайды Amin. kz.

Бүгін Жидда қаласынан 1 борт, Мәдина қаласының әуежайынан 3 борт арқылы 977 қажы елге қайтты. Отандастарымызды Қажылық миссиясының мүшелері сәт-сапар тілеп шығарып салды. Санаулы сағаттан соң тағы қажыларымыз Мәдина қаласынан 3 борт арқылы елге ұшады. Қажылардың елге оралуы 20 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарлануда.