Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды", - делінген хабарламада.
Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.
"Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:
- қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
- жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
- өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру", - делінген хабарламада.
Президент Жарлығының толық нұсқасы "Ақорда" сайтында жарияланған.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысын жариялағаны хабарланған болатын.