20 Шілде, 2022 475

Қайыршақтыда жол құрылысы басталады

 Қайыршақтыда жол құрылысы басталады

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала аумағына қарасты Қайыршақты ауылдық округінде жол құрылысының жұмыстары басталады. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын 28 көшеге тас жол төселеді.
 
Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталды. Тиісті жұмыстар жақын арада басталады.
 
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, көп жылдардан бері шешімін таппаған мәселені «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында шешу мүмкін болып отыр. Жолдың құрылысы биыл басталып, келесі жылы толық аяқталады.