16 Ақпан, 2023 60

Қарабауға мәдениет үйі керек (+ВИДЕО)

 Қарабауға мәдениет үйі керек (+ВИДЕО)

Аудан басшыларының тұрғындармен кездесуі Қызылқоға ауылдық округінде жалғасын тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

Қарабау орта мектебінде өткен жиналыста алдымен аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали сөз алып, бұрынғы айтылған ұсыныстардың орындалысына тоқталды. Оның айтуынша, Қарабау ауылынан салынатын 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына жоба дайын. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Спорт кешенінің құрылысына жоба дайын. Биылғы бюджетін нақтылауға сұраныс берілді. Қаржының бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланып отырса, дәл сондай мақсатта келесі жылға жоспарланып отырған ашық спорт алаңын салуға демеушілік негізінде жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Жобалау жұмыстары наурыз айында аяқталады.

 Қарабау орта мектебінің бастауыш мектеп ғимараты апатты жағдайда болуына байланысты жоба дайындалды. Құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Ауыл ішілік жол құрылысы (8 шақырым) бойынша жобалық-сметалық құжат жасақтауға қаражат бөлінді. Биыл жоба жасақтау жұмыстары аяқталып, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Аталмыш ауылдың кірме жолын жарықтандыру бағытында, жалпы ұзындығы 1,1 шақырым болатын кірме жолды жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжат жасақталды. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, аяқталады. Сонымен қатар, биыл екі пәтерлі тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр.

 Жиналыс барысында, аталған округ тұрғындары тарапынан жыр болған мәдениет үйі, бастауыш мектепті салу жұмыстарын жеделдетіп қолға алу, ескі мәдениет үйін бұзу, көпір, жол салу, жәрмеңкені жүйелі түрде ұйымдастыру, поштаның техникалық жағдайын жасау, ветеринар мамандарын көлікпен қамтамасыз ету, мал ұрлығының алдын алу, еңбегі сіңген азаматтарға «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын, Қарабау ауылынан салынып жатқан мешітке Хасан хазіреттің есімін беру тағы да басқа мәселелер көтерілді. Оларға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім, мекеме басшылары заңдылық тұрғыда жауап берді.