31 Қазан, 2022 5833

Прокурор: «Хаменова 7 жылға қамалып, «Құрмет» орденінен айырылсын!»

 Прокурор: «Хаменова 7 жылға қамалып, «Құрмет» орденінен айырылсын!»

Бүгін, 31 Қазанда Прокурор Лаура Асанова айыптау сөзін оқыды, деп хабарлайды AyrauPress.

Прокурор Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілей отырып,  белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

 Лаура Асанова, прокурор:

"Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын".

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Хаменова, Рысқалиев және Адамовтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталған болатын.