Президент сайлауы: Атырауда жастар белсенді

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына атыраулықтар белсене қатысып жатыр.

 Соңғы мәлімет бойынша, 13 сайлау учаскесіне мыңға жуық дауыс беруші келіп, өз таңдауларын жасады. Сайлау комиссиясының төрағасы Бибігүл Ғапуованың айтуынша, кешқұрым уақытта негізінен жастар көптеп келіп жатқан көрінеді.

  - Күні бойы учаскедегі жұмыс бірқалыпты өтіп жатыр. Түске дейін негізінен егде жастағы тұрғындар келсе, түстен кейін негізінен жастар өз таңдауларын жасауда. Учаскемізде тіркелген тоғыз 18 жастағы дауыс берушінің әзірге 5-уі келіп, алғаш рет саяси маңызды науқанда өз таңдауларын жасады,-деді ол.

    Айбөпе Сабырова