Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды AyrauPress.
Абай орталығында оқушылардың үйірмелерге қатысып, өнер түрлерін үйренуіне жан-жақты жағдай жасалған.
Президент «JasSpace» STEM зертханасында жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты. Сондай-ақ бір топ жас домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
«Бәрекелді! Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Сондықтан нағыз қазақ әрқашан осындай болуы керек!» – деді Президент.
Сондай-ақ өскелең ұрпақты өнер-білімге баулитын Абай орталығына Президент атынан автобус тарту етілді.