30 «мамыр», 2022 1570

Парламент депутаты Серік Ерубаев Миялыда кездесу өткізді

 Парламент депутаты Серік Ерубаев Миялыда кездесу өткізді

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Қызылқоға ауданына сапары аясында Миялы ауылында «Атырау-Жарық» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге «Ақжол» партиясы облыстық филиалының саяси жетекшісі Әбілхан Төлеуішов пен «Ақжол» партиясының мүшесі, Қызылқоға аудандық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов қатысты.
Кездесуде Серік Ерубаев 5 маусым күні өтетін республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіріп, қабылданатын өзгерістерге түсінік берді.
– Референдумда Конституциядағы 99 баптың 33-іне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Президенттің өкілеттілігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейеді. Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты барлық нормаларды алып тастау, Президенттің туған-туыстары жоғары лауазымдарға тағайындалмайтындығы туралы өзгерістер де бар. Және де Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріспен бірге әкімдер мен орынбасарлары қандай ма бір партия филиалдарын басқаруға болмайтындығы көрсетілген, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев.
Бұған дейін Президент Сенатта 15 депутатты өзі тағайындап келсе, енді оның 5-еуін тағайындауға құқылы.
Бұл референдум арқылы тарихи шешімдер қабылданады" деді депутат Серік Ерубаев.